Гренландия билігіндегі Siumut партиясы кеше, бейсенбі күні наурыз айындағы жалпы сайлаудан кейін Даниядан тәуелсіздік алу бойынша референдум өткізілетінін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша автономиялы арал кеше бейсенбі күні наурыз айының 11 күні жалпы сайлау өткізілетінін мәлімдеді.
Тәуелсіздік алуға ұмтылу және Дания мен Америка байланысы осы аралда өтетін сайлау науқанындағы негізгі тақырыптар болмақ.
Siumut партиясының саяси өкілі, Гренландия екі партиялық коалициялық үкіметінің мүшесі Дорис Йенсен осы партия аралға көбірек автономия берген 2009 жылғы заң ережелерінің бірін белсенді етуді мақсат ететінін мәлімдеді.
Гренландия осы заң негізінде Даниядан тәуелсіздік алу үшін келіссөздерді бастай алады.
Айта кетейік, Гренландия Парламентіндегі бес партияның барлығы Американың бір бөлігі болуды қаламайтынын қуаттады.
Жуырда жүргізілген сауалнама нәтижесі Гренландия халқы 85 пайызының Америкаға қосылуға қарсылығын көрсетті. Осы арал халқының шамамен жартысы Америка президенті Дональд Трампты қатер санайды.
Гренландия — Даниядағы автономиялы аймақ. Оның үштен екісі Солтүстік полюсте орналасқан. Ол жер игерілмеген орасан кен орындарына ие. Алайда экономикалық тұрғыдан Данияға тәуелді.
Трамп сан рет аралдың бақылауын қолына алумен қоқан-лоққы жасады. Дания мен Гренландияның басшылары да бұл аралдың сатылмайтынын сан рет ескертті.












