БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сионистік режимнен Газада атысты тоқтату келісімін құрметтеп, гуманитарлық көмектердің енуіне рұқсат беруді сұрады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришш Газада орнатылған атысты тоқтату бітімін құрметтеуді және соғыс оты шарпыған осы аймаққа гуманитарлық көмектердің енуіне рұқсат етуді тағы сұрады.
Израильдің Газа секторына жасаған жабайы шабуылдарының үшінші күнінде режимнің соғыс ұшақтары аймақтың әртүрлі өңірін бомбалады. Шабуылдардан осы уақытқа дейін жүздеген палестиналық қаза тауып, тағы жүздеген адам жараланды. Израиль режимі шамамен 20 күннен бері Газаға гуманитарлық көмекті енгіздірмей отыр.
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасап, Израиль соғыстан зардап шеккен аймаққа шабуылдарын қайта бастағаннан бері Израильдің зымырандық шабуылдары салдарынан кемінде 506 палестиналықтың қаза тауып, 909 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.















