БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық лаңкестік құрбандарын еске алу және құрметтеу күніне арналған үндеуінде лаңкестік актілердің елестету мүмкін емес қайғы әкелетінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің Anadolu агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриш лаңкестік құрбандарын еске алу және құрметтеу күні баршаны тыңдауға және үйренуге шақыратынын және әрдайым үміт іздеу керек екенін еске салатынын атап өтті.
Антониу Гутерриш лаңкестік актілердің барлық құрбандары мен тірі қалғандарға құрмет көрсетуге шақырды.
БҰҰ Бас хатшысы бұл күннің ойлау, сезіну және әрекет ету күні екенін еске салып, жақындарынан айырылған жандардың қайғысы мен мұңын ой елегінен өткізіп, оларды тыңдап, сабақ алу керектігін айтты.
Гутерриш бұл күні қайғылы оқиғалар туралы естеліктерге жүгіну маңызды екендігіне тоқталып: «Біз бірге барлық терроризм құрбандары мен тірі қалғандардың дауыстарын басқалардың құлағына жеткізе аламыз», — деді.
Халықаралық лаңкестік құрбандарын еске алу және құрметтеу күні 21 тамызда атап өтіледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылы бұл күнді Халықаралық терроризм құрбандарын еске алу және құрметтеу күні ретінде бекітті.




















