Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш аймақтағы оқиғаларды талқылап, пікір алмасты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы оқиғаларды, соның ішінде Газа мен Йемендегі жағдайды талқылап, пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықтың сионистік режимнің атысты тоқтату режимін бұзуының жалғасуының алдын алу және Газа халқына гуманитарлық көмек жіберудегі жауапкершілігін қуаттады.
Арақчи сондай-ақ Йемендегі өзгерістерге тоқталып, сионистік режимнің осы елге қарсы басқыншылықтарын айыптап, осы елде тұрақтылық орнату және аймақтағы қауіпсіздікті сақтауға көмектесу үшін БҰҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыруды қуаттады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иран Ислам Республикасының осы саламен байланысты талпыныстарын жоғары бағалап, Йемен мен аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін дипломатиялық кеңесулерді жалғастыруға шақырды.












