Палестина Исламдық Қарсыласу қозғалысының баспасөз хатшысы Абдул Латиф әл-Ғано Америка Президенті Дональд Трамптың Газа секторы туралы сөзін коммерциялық және мәмілегерлік деп атап, Газаның саудаға салынатын мүлік емес екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Абдул Латиф әл-Ғано Al Jazeera арнасына берген сұхбатта сионистердің көздеп отырған Палестина халқының мақсат-мұраттарын жою тақырыбын қабылдауға келмейді деп атады.
Ол: “Қарсыласу қозғалысы келісімнің барлық бабына табанды. Алайда басқыншылар өз міндеттерін орындаудан жалтару арқылы оны жеңіліске душар етуге ұмтылуда”, — деді.
ХАМАС-тың баспасөз хатшысы: “Сионистік режим осы уақытқа дейін келісімнің гуманитарлық бөлігіне табанды болмады. Біз арағайын мемлекеттерден дұшпанды келісімді орындауға мәжбүрлеуді күтеміз. Біз шынайы апатпен бетпе-бет келіп тұрмыз. Әлемдегі азаттық сүйгіштердің барлығын Палестина халқын көшіру апатын жеңіліске ұшыратуға шақырамыз”, -деді.
Бес араб мемлекеті мен Палестина автономия ұйымы басшысының кеңесшісі жуырда Америка Үкіметіне бірлескен хат жазып, Трамптың Газа секторының тұрғындарын Мысыр мен Иорданияға көшіру жобасына қарсылық білдірді.
Al-Arabi Al-Jadeed-тің хабарлауынша бойынша Арабстан, БАӘ, Қатар, Мысыр, Иордания Сыртқы істер министрлері мен Палестина автономия ұйымы басшысының кеңесшісі Хосейн Каирда осы аптаның басында дүйсенбі күні жиналған. Олар хатты АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға жіберген.
Хатта былай деп жазылған: “Газа секторыын қайта құру осы сектор халқының тікелей қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Палестиналықтар өз жерінде өмір сүріп, оны қайта салуға көмектеседі. Осы іс кезінде оларды сыртқа қуып жіберуге болмайды. Олар әлемдік қауымдастықтың қолдауымен қайта құру үдерісіне белсенді түрде қатысуы тиіс”.
Америка президенті Газа секторын толығымен босатып, Палестина тұрғындарын көршілес араб елдеріне қоныыстандыру туралы айтқан болатын.
Ол Газада орасан зор қирауларға байланысты өмір сүру жағдайының жоқ екенін айтып, Мысыр мен Иорданиядан Газа халқын қабылдап, оларды паналатып, осы аймақтың қиындығын тұрғындарды көшіру арқылы азайтуды сұрады.












