Иранның діни жетекшісі аятолла Хаменеи америкалықтар тіпті достарын да сатып кететінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи бейсенбі күні теледидардан халыққа жолдаған үндеуінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, шабуылдаушылар қаланы бүлдіру ниетімен келгенімен, оларға тойтарыс берілген. Құр қол қайтып, мақсаттарының ешбіреуіне қол жеткізе алмаған. Бұл олардың шынайы жеңілісіне айналған.
Хаменеи екі мемлекеттің Иранға қарсы жобалаған жоспарларын жүзеге асыра алмауы олардың стратегиялық есептерінің сәтсіздігін көрсететінін баса айтты.
Көшбасшы «Басидж» халықтық жасақтарын одан әрі нығайтуға шақырып, оны ұлы ұлттық құндылық, бүкіл халықтың қозғалысы және мемлекеттік билікті күшейтудің маңызды факторы деп атады.
Ол “Басидждің” белсенділігі мен күш-қуаты халықтың әлемнің қысым көрсетушілеріне қарсылығын арттырып жатқанын атап айтты.
Аятолла Хаменеи аймақтағы мәселелерге тоқталып, қарсыласу қозғалысының өсуін Палестинадағы оқиғалармен және бүкіл әлемде, соның ішінде Батыс елдері мен Америка Құрама Штаттарында Газаға ауқымды қолдау көрсетілумен байланыстырды.
Оның айтуынша, бұл Ираннан басталып, оның шекарасынан тыс жерлерге тараған қарсыласу идеясының кең таралған әсерін көрсетеді.
Ол “Израиль Иранға қарсы 20 жылдық соғыс жоспарын дайындап жатыр” деген мәлімдемелерге түсінік беріп, қарсыластардың халықты арандатып, оларды мемлекетке қарсы қоймақ болғандарымен жағдайдың керісінше болғанын, тіпті үкіметті сынаушылардың да мемлекет жағына шығып, ұлттық бірліктіі орнағанын қуаттады.
Аятолла Хаменеи Иранның шығынға ұшырағанын мойындағанымен Ислам Республикасының нық тұруға, шешім қабылдауға және кесімді түрде және мықты әрекет етуге қабілетті екенін көрсеткенін атап айтты. Дегенмен, оның айтуы бойынша жаудың материалдық шығыны айтарлықтай көп болған.
Иран көшбасшысы Америка Құрама Штаттары 12 күндік қақтығыс кезінде ауыр шығындарға ұшырағанын, сүңгуір қайықтардан бастап ең жаңа жойғыш ұшақтар мен әуе қорғанысына дейінгі ең заманауи шабуылдаушы және қорғаныс жүйелерін қолданғанына қарамастан, Вашингтон өзінің негізгі мақсатына, яғни Иран халқын адастыруға және оларды өздері жаққа шығуға көндіру мақсатына жете алмағанын айтты.
Ол АҚШ-ты аймақтағы ең үлкен трагедиялардың бірін — Газадағы жағдайды қолдады деп айыптап, Вашингтонның Израильдің әрекеттеріне араласуы салдарынан сионистерге деген жеккөрушілік Америкаға да таралғанын айтты.
Хаменеи сонымен қатар АҚШ-тың бүкіл әлемге араласуы соғыстың тұтануына, қиратушылыққа және ададмардың жаппай қоныс аударуына соқтыратынын мәлімдеді. Ол Украинадағы қақтығысты мысалға келтіріп, АҚШ әкімшілігінің мәселені үш күнде шешуге уәде бергенін, бірақ бір жылға жуық уақыттан кейін Киевке 28 тармақтан тұратын жоспарды таңуға тырысып жатқанын еске салды.
Ол сондай-ақ Израильдің Ливан мен Сирияға жасаған шабуылдарын, Батыс жағалаудағы оқиғаларды және Газадағы апатты жағдайды Вашингтонның Израильдің әрекеттерін толық және әшкере қолдауының дәлелі ретінде атады.
Аятолла Хаменеи АҚШ үшінші елдер арқылы Иранға хабар жіберген деген қауесетті шыли өтірік деді.
Ол Америка Құрама Штаттарының қылмыскер сионистік топты (Израиль режимін) қолдау және ресурстарды бақылауға деген ұмтылысы үшін, тіпті Латын Америкасы елдерінің істеріне араласуға дейін баратынын, сөйтіп өз одақтастарына да опасыздық жасайтынын баса айтты.
Хаменеи: «Америкалықтар тіпті достарын да сатып кетеді. Олар Палестинаны басқаратын қылмыскер сионистік топты қолдайды. Олар мұнай мен минералдар үшін кез келген жерде соғыс ашуға әзір. Бұл саясат бүгінде Латын Америкасына жетті», — деді.
Көшбасшы сөзін қорытындылай келе, Иранның мұндай мемлекетпен ынтымақтастыққа немесе кез келген қарым-қатынасқа ешқашан ұмтылмайтынын анық айтып: “АҚШ бұған лайық емес» деп мәлімдеді.












