Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи сионистік режимге олардың соңғы әрекеттеріндегі қате есептерін білдіру қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Әли Хаменеи кеше, жексенбі күні имам Хомейни атындағы Хосейнияда Иран қауіпсіздік күштерінің қаза тапқан жауынгерлері отбасыларының мыңдаған мүшесімен кездесуде айтты.
Иранның рухани жетекшісі: «Сионистік режим қателік жасап, оны өздері зорайтып отыр. Режимнің бұл әрекеті дұрыс емес, бірақ азайтып көрсетудің де қате екенін есте сақтаңыздар. «Қорқынышты ештеңе болған жоқ, бұл маңызды емес» деп айтқандары да дұрыс емес.
Израиль режимінің қате есептегендерін білдіру керек. Олар Иранға қатысты есептерінде қателеседі. Олар Иранды дұрыс білмейді. Иран жастарын танымайды. Иран халқының күшін, мүмкіндіктерін, бастамасы мен ерік-жігерін әлі дұрыс түсіне алмады. Біз оларға көрсетуіміз керек.
Қауіпсіздік мәселесінде қоғамның психологиялық қауіпсіздігін сақтау өте маңызды. Адамдардың жүрегіне қорқыныш пен күдік ұялату дұрыс емес. Бұл туралы Құранда анық айтылған», — деді.
Әли Хаменеидің айтуынша, Израильдің Газа секторы мен Ливанда жасаған және жасап жатқан әрекеттері — ең қатыгез соғыс қылмыстары.
Иранның рухани жетекшісі сөзінің жалғасында: «Соғыс, әрине қиын. Бірақ, соғыстың да ережелері, заңдары және шектеулері бар. Біреумен соғысқанда басып алынған Палестинаға басқыншылық жасап отырған осы сионистік режим сияқты бұл шектеулердің барлығын бұзып, таптауға болмайды.
Әлем бұған қарсы тұруы керек. Мемлекеттер, әсіресе ислам мемлекеттері бұған қарсы тұруы керек. Бұл жерде көмектің немесе оның болмағаны туралы сөз болып тұрған жоқ. Бұл режимге көмектесу – ең қорқынышты және ең үлкен күнәлардың бірі. Бұған еш күмән жоқ.
Бұл қылмыстардың орын алмауы үшін режимге қарсы тұру керек. Бүгінгі таңда ең қатыгез соғыс қылмыстарын жасап отырған зұлым сионистік режимге қарсы саяси, экономикалық, қажет болса, әскери салада жаһандық коалиция құру қажет», — деп сөзін түйіндеді.












