«Ханзала» (Handala) кибертобы бүгін Израильдің барлау және қауіпсіздік қызметінің ең жасырын қабаттары бірінің беті ашылғанын хабарлады.
Хакерлік осы топ Моссадтың бұрынғы бюджет директоры және қазіргі Израиль ұлттық қауіпсіздік институтының (Моссадтың зерттеу және талдау тобы) қаржы директоры Илан Штайнердің электронды пошта жүйелері мен құпия деректеріне қол жеткізді.
«Ханзала» тобы мынадай мәлімдеме жасады: «Біздің қолымызда 50 мыңнан астам электронды хат пен құпия құжат бар. Бұл деректер Моссадтың бүкіл аймақтағы жасырын зерттеулерін, талдау жобалары мен стратегиялық жоспарларын толық жария етеді. Бұл институттың жоғары деңгейдегі жасырын операцияларды бағыттау және саяси шешімдер қабылдау үшін барлау мәліметтерін жинау мен есептер дайындаудағы шешуші рөлі енді баршаға мәлім болды».
Бұл файлдар Моссадтың көптеген құпия жобаларының қаржылық және операциялық егжей-тегжейін көрсетеді, соның ішінде тыңшылық топтар мен тұрақсыздық тудырушы агенттерді қаржыландырудан бастап, тәуелді үгіт-насихат және медиа желілерін қолдауға дейінгі әрекеттер бар.
Айта кетейік, Илан Штайнер — барлау операцияларының қаржылық сәулетшісі, Моссадтың зерттеу және операциялық бағдарламаларын ілгерілету үшін қажетті ресурстарды қамтамасыз етуге жауапты негізгі тұлға. Ол осы көлеңкелі әрекеттердің құпия қазынашысы ретінде аймақтағы барлау операциялары мен ықпал ету шараларының қаржы ресурстарын басқаруда маңызды рөл атқарған.












