«Ханзала» хакерлік тобы Бениямин Нетаньяхудың Әмірліктерге сапарын ұйымдастырушы және «Ибраһим келісімдерінің» жобалаушысының хакерлік шабуылға ұшырағанын хабарлады.
«Ханзала» хакерлік тобы Нетаньяхудың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарын жоспарлаушы және «Ибраһим келісімдерінің» (Abraham Accords) негізгі жобалаушысы Самуэль Шайға хакерлік шабуыл жасалып, оның жасырын желісін әшкерелегенін хабарлады.
Хакерлердің айтуынша, Шай тек сионистік режим мен Парсы шығанағы елдері арасындағы барлық көлеңкелі келісімдердің басты үйлестірушісі ғана емес, сонымен қатар Тель-Авив пен Абу-Даби арасындағы экономикалық, саяси және қауіпсіздік жасырын байланыстарының негізгі дәнекері болып табылады.
Жарияланған құжаттарға сәйкес, Шай Эпштейнді Сұлтан Ахмед бен Сүлейменмен таныстырған. Сол арқылы Әмірліктердің көптеген лауазымды тұлғасы Эпштейннің желісіне ілінген. Моссад бұл байланысты оларды өз талаптарын орындауға мәжбүрлеу үшін пайдаланған.
«Ханзала» тобы бүгін Шайдың қоңыраулары, қаржылық серіктестері және құпия байланыстары жазылған 265 беттік құжатты өз сайтында толық жариялағанын және оның «Қарсыласу блогы» (Axis of Resistance) елдеріндегі қаржылық желісіне қатысты барлық ақпаратты достас елдердің барлау қызметтеріне тапсырғанын мәлімдеді.












