Иранның Саяси және халықаралық зерттеулер орталығының басшысы Саид Хатибзаде америкалықтардың Иранға қарсы әрекеттерін нацистік Германиямен салыстырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Хатибзаде үнділік БАҚ-қа берген сұхбатында америкалықтардың нацистік Германия сияқты әрекет етіп жатқанына тоқталып, азат суларда Иран кемесіне жасалған шабуылдың жауапсыз қалмайтынын баса айтты.
Хатибзаде: “Халықаралық оқу-жаттығу миссиясынан қайтып келе жатқан Иран кемесінің суға батуы өте өкінішті және шынымен қайғылы оқиға. Бұл кеме үнділік достардың шақыруымен халықаралық жаттығуларға қатысу үшін барған. Кеме шараға толығымен салтанатты сипатта қатысты. Кемеде ешқандай қару-жарақ та, әскери жүк те болған жоқ.
Мұндай әрекеттің жалғыз ұқсастығын тек нацистік Германия дәуірінен ғана табуға болады. Сол кезде олар қақтығыс аймағынан алыс орналасқан қарусыз кемелерге шабуыл жасайтын”, — деді.
Еске салайық, оқиға 4 наурызда болған. Иран Әскери-теңіз күштеріне тиесілі IRIS Dena фрегаты Бенгал шығанағындағы бірлескен жаттығулардан кейін еліне қайтып келе жатқанда АҚШ сүңгуір қайығының шабуылына ұшыраған. Торпедо соққысынан кейін кемеде өрт басталып, кейін күшті жарылыс болған.
Оқиға салдарынан борттағы шамамен 140 адам із-түзсіз жоғалып, 32 адам құтқарылып, кеме батып кеткен жерден кем дегенде 80 адамның мәйіті табылған.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи америкалық террористік армияның “Дена” фрегатының батырылуына білдірген реакцияда Америка Құрама Штаттары жасаған бұл прецедентке қатты өкінетінін мәлімдеді.












