Ирак Премьер-министрі әс-Судани бүгін, қаңтардың сегізі күні Тегеранға ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Иранға сапармен келген Мохаммад Шиа әс-Суданиді Тегерандағы Сад Абад кешенінде ресми қарсы алды.
Әс-Суданидің Тегеран сапары аясында Иран мен Ирактың жоғары деңгейдегі басшылары кездесу өткізеді. Екі ел серіктестігі саласында бірнеше құжатқа қол қойылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша мұның алдында Тегеранда Ирак премьер-министрін қабылдайтыны туралы Пезешкианның саяси істер бойынша кеңесшісі Меһди Санаи Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды:
“Доктор Пезешкиан желтоқсанның сегізі күні екіжақты байланыс пен аймақ мәселелерін қарастыру үшін Тегеранда Ирак премьер-министрі әс-Суданиді қабылдайды».












