Ирак Президенті Абдел Латиф Джамал Рашид елінің Иранмен қарым-қатынасын жақсы деп сипаттап, Иранды маңызды ел деп атады.
Еуразия Тудейдің Al-Ahram газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ирак Президенті Рашид елінің бүгінде лаңкестердің операцияларының алаңы емес деп екенін баса айтып: “Иракта қарулы топтар осы ел Үкіметінің бақылауында”- деді.
Джамал Рашид: “Иран — маңызды ел. Тегеранмен біздің қарым-қатынасымыз жақсы. Иракта шешімді біз өзіміз қабылдаймыз. Бағдад ешбір елдің бақылауында емес” — деді.
Ирак Президенті еліндегі америкалық әскерилердің құзырына тоқталып, олардың Иракта екіжақты келісім негізінде жүргенін айтты. Ол сонымен қатар Ирактың Сирия күрд күштері мен Джулани лаңкестік режимі арасында арағайындық жасау талпыныстарына сілтеме жасап, Ирак шекараларындағы лаңкестік операцияларға алаңдаушылық білдірді.












