Ирак шекара күштерінің қолбасшылығы мәлімдеме жариялап, Сириямен шекарадағы 618 шақырым бекіністің 350 шақырымы аяқталғанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша дуалдар 3х3 метрлік ор жүйелерімен, үш метрлік үйінділермен, екіқабатты жел тосқауылдарымен, аралары бір шақырымдық бақылау мұнараларымен, температуралық камералармен жабдықталып, күшейтілген.
Айта кетейік, Ирактың биіктігі 11 метрлік бекініс салудағы негізгі мақсаты — лаңкестердің Сириядан Иракқа енуіне жол бермеу.
Бұл қауіпсіздік шарасы 2017 жылы ДАИШ жеңілгенімен, топтан төнетін қауіп сақталғандықтан, жүзеге асырылуда.














