Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хосейн бейбітшілік жолында әрекет ету қажеттігін қуаттап, кейбір елдердің (Ред.) аймақта соғыстың аумағын кеңейту жоспарлары бар екенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ирак Сыртқы Істер министрі Фуад Хосейн: «Біздің міндетіміз — Иракқа қарсы кез келген басқыншылық пен ықтималды қоқан-лоққыға тосқауыл қою үшін дипломатиялық жұмыстарды арттыру.
Біз басқа елдермен бірге атысты тоқтатуға қол жеткізу үшін талпыныс жасаймыз. Соғыс аумағын басқа елдерге таратуды көздейтін жоспарлар бар. Біз өзіміздің сыртқы саясатымызда диалог пен «жұмсақ күш» және бейбітшілік принципін қуаттаймыз», — деді.
Араб лигасы кеше де өз саммитінің соңында сионистік режимнің Иракқа қарсы қоқан-лоққыларына қатысты мәлімдеме жариялады.
Араб лигасы мәлімдемеде сионистік режимнің дұшпандық әрекеттерін кеңейту бағытындағы талпыныстарын айыптап, Иракты қолдайтындарын баса айтты.
Бұл мәлімдемеде Араб Лигасының Бас хатшысынан БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына Араб лигасының Иракты қолдайтын ұстанымы және осы одақтың сионистік режим сыртқы істер министрінің Бағдадқа қарсы жазған хатындағы уәждеріне үзілді-кесілді қарсылығы баяндалған хатты жіберу өтініші жазылған.












