Ирактың ақпарат көздері елдің батысындағы америкалық Айн әл-Асад базасында бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Ирактың кейбір ақпарат көздері жарылыстың Айн әл-Асад базасына қарай екі ұшқышсыз ұшақ пен төрт зымыранның атылуы нәтижесінде орын алғанын жазды.
Осыған байланысты Shafaq News сайты Ирак қауіпсіздігінің ақпарат көзіне сілтеме жасап, Айн әл-Асадқа кемінде екі зымыран атылғанын жазды.
Reuters ақпарат агенттігі де қауіпсіздік дереккөздеріне сілтеме жасап, төрт зымыранның Айн әл-Асад базасына тигенін жазды.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегені хабарланды. Сондай-ақ екі зымыран базаға тиіп, тағы екеуі периметрден тыс жерге түскені белгілі. Хабар қолдан жасалған басқарылмайтын қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы болып отыр.
Осы ретте АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон да бүгін таңертең бұл шабуыл туралы ақпаратты растап, шабуылдың нысанасы Айн әл-Асад базасы болғанын мәлімдеді.












