Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Салехи Амири Иранның туризм бойынша әлемдегі алдыңғы жеті елдің қатарында екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Салехи Амири Туризмнің Иранда тартымдылық, қауіпсіздік және инфрақұрылыммен байланысты деп атап: “Біз әлемде туризм саласында алдыңғы жет елдің қатарындамыз. Діни, табиғи, ауылшаруашылығы, теңіз және денсаулық салаларында жиырмадан астам туристік мүмкіндікке иеміз.
2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін бес миллион жеті жүз мың турист тарту арқылы өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда он жеті пайыз дамуға қол жеткіздік. Денсаулық, сауықтыру туризмі саласында бізде 2 миллиард доллар табыс әкелетін 1,2 миллион турист бар. Бұл санды 2 миллион адамға, ал олардан түсетін табысты 6 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады”, — деді.












