Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи Армения Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы бейбіт келісімді құптайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Исмаил Бақайи Армения Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы бейбітшілік және мемлекетаралық қатынас орнату туралы келісім жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді құптап, оны Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы қажетті әрі маңызды қадам деп атады.
Иран СІМ өкілі: “Біз екі тараптың мәселелерді диалог пен дипломатия арқылы шешуге деген ұмтылысының арқасында жақын арада екі ел арасында бейбітшілік келісіміне қол қойылып, қауіпсіздік пен тұрақтылық орнайтынына куә боламыз”,- деді.
Айта кетейік, Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 13 наурыз, бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Армениямен бейбіт келісім мәтіні бойынша келіссөздер процесі аяқталып, ондаған жылдарға созылған қақтығысты реттеу мақсатында бейбіт келісімге келгендерін хабарлады.














