РФ Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Өзбекстан Республикасына ресми сапары барысында осы елдің Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Еуразия Тудейдің Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Дума сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Вячеслав Володин 14 наурыз күні Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Кездесуде тараптар ұлттық мүдде, дәстүрлі құндылық, ортақ мәдениет пен тарихты құрметтеуге негізделген Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, екі елдің парламенттік деңгейдегі, cоның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Вячеслав Володин Ресей мен Өзбекстан президенттері қол жеткізген стратегиялық келісімдер парламентшілерді қабылданған шешімдердің заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуіне міндеттейтінін айтты.
Мемлекеттік Дума төрағасы Шавкат Мирзиеевке Ресей мен Өзбекстан парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.



















