Исламдық Қарсыласу қозғалысы ХАМАС Америка мен Еуропаның Al-Aqsa спутник арнасын барлық халықаралық спутниктен алып тастау туралы шешімін қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің Палестинаның Sama ақпарат агенттігіне сілтем жасап хабарлауы бойынша ХАМАС бұл шешімді ақпарат құралдарының азаттығы мен Палестина халқының өз үндерін әлемге жеткізудегі заңды құқығын өрескел бұзу деп атады.
ХАМАС-тың мәлімдемесінде былай деп жазылған: «Бұл әділетсіз шешім — палестиналық тәуелсіз ақпарат құралдарына, Палестина халқының қиындықтары мен басқыншылардың қылмыстарын әлемдіктерге таратып, көрсететін БАҚ-на жасалған тікелей шабуыл. Бұл әрекет сөз азаттығын басып-жаныштау және сионистердің ұйымдасқан лаңкестіктерінің шынайы бейнесін әшкерелейтін мінберлердің үнін өшіру бағытында жасалуда. Сонымен қатар бұл — палестиналықтардың оқиғаларын цензуралау, Газа секторындағы оқиғалардан хабар таратудағы халықаралық БАҚ-ның жұмысын шектеу, осы аймақтағы белсенді журналистерге үздіксіз шабуыл жасау аясындағы мақсатты саясаттың бір бөлігі», -деді.
ХАМАС халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен хабар агенттіктерінен осы шешімді айыптап, сионистік режимнің халықаралық заңдар мен гуманитарлық принциптерге қарсы шабуылдары алдында үнсіздік танытпауды сұрады.
ХАМАС мәлімдемесінің жалғасында басқыншылардың ақиқатты өшіріп, шындықты бұрмалаудағы барлық талпыныстарының жеңіліс табатынын баса айтып, қарсыласудың үні өшпейтінін, Палестина халқы азаттыққа қол жеткізіп, елге оралып, олардың заңды құқықтарын қорғау жүзеге асқанша жалғасатынын баса айтты.
















