Иранға қарсы соғысқа қарамастан, өткен айда Парсы шығанағындағы ең жоғары мұнай табысы Тегеранға тиесілі болды.
Парсы шығанағында әскери қақтығыстардың шиеленісуі және Ормұз бұғазының араб елдерінің мұнай танкерлері үшін іс жүзінде жабылуы аясында аймақтың энергетика нарығында бұрын-соңды болмаған өзгеріс тіркелді: Иран мұнай экспортын сақтап қана қоймай, айлық кірісін 37 пайызға арттырып, 2026 жылдың наурыз айында аймақтағы ең көп табыс тапқан мұнай еліне айналды.
Мұнай танкерлерін бақылау институттарының, соның ішінде Kpler және Vortexa деректері бойынша, 2026 жылдың наурыз айында Иранның мұнай экспорты орта есеппен күніне 1,5-тен 2 миллион баррельге дейін жетті. Бұл көрсеткіш соғыс салдарынан азаймақ түгілі, өткен аймен салыстырғанда өсімді көрсетіп отыр.
Керісінше, Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер өндіріс пен экспорттың апатты түрде құлдырауына тап болды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Иранның мұнай табысы 37 пайызға өсті. Оманның табысы 26 пайызға артты.
Сауд Арабиясының табысы небәрі 4,3 пайызға ғана номиналды өсті. Бұл негізінен әлемдік мұнай бағасының күрт көтерілуіне байланысты, ал іс жүзінде бұл елдің экспорт көлемі қатты азайған.
Ирак, Кувейт және Катар ең ауыр жағдайды бастан кешуде. Ирактың мұнай экспорты шамамен 70 пайызға құлдырады, ал Кувейт «форс-мажор» жағдайын жариялады.
Сарапшылар Ормұз бұғазы қайта ашылғанға дейін бұл үдеріс жалғаса береді деп есептейді. Осы маңызды су жолына жедел бақылау жасайтын жалғыз ел ретінде Иран экспорт қауіпсіздігі жағынан да, жоғары бағаның пайдасын көру жағынан да монополиялық позицияға ие.












