АҚХА Иранды Бас комитетінің мүшесі етіп сайлады.
Еуразия ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам Республикасының Венадағы өкілдігінің мәліметі бойынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас конференциясы бүгін Иранды өз мүшесі етіп сайлады.
Иран өкілдігі бұл туралы: «Құрама Штаттардың Иранның Бас комитетке қатысуына кедергі жасау әрекеттеріне қарамастан, АҚХА-не мүше елдер шешім қабылдап, Иранның пайдасына дауыс берді. Бұл оқиға халықаралық қоғамдастықтың біржақты қысымдардың Агенттіктің ұжымдық шешімдеріне ықпал етуіне жол бермейтінін көрсетеді», — деп жазды.
Айта кетейік, Бас комитет — АҚХА-ның жыл сайынғы Бас конференциясының жұмысын үйлестіретін маңызды басқарушы орган. Ол конференцияның күн тәртібін, құжаттарды қарау тәртібін және сессияның жалпы бағытын айқындауға қатысады.
Комитетке мүшелік Иранға халықаралық аренада, әсіресе Батыс елдерінің қысымына қарамастан, өз ұстанымын қорғауға және агенттік ішіндегі шешім қабылдау үдерістеріне тікелей үн қосуға мүмкіндік береді.
Комитет құрамында болу Тегеранға өзінің ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер мен кепілдіктерді талқылау кезінде өз мүдделерін ескертуге жол ашады.
АҚШ-тың қарсылығына қарамастан мүше болу — халықаралық қоғамдастықтың бір тараптың ғана айтқанымен жүрмейтінін және ұжымдық шешімдердің сақталатынын көрсететін маңызды символдық әрі дипломатиялық жеңіс.












