Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Исламабадқа келгенімен, Иран мен АҚШ арасында тікелей келіссөз болмайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Аббас Арақчи әлеуметтік желідегі парақшасында Пәкістанға екіжақты мәселелер мен аймақтық оқиғаларды талқылау мақсатында бара жатқанын жазғанымен, нақты кіммен кездесетінін нақтыламады.
Арақчи мінген ұшақ Исламабадқа қонғаннан кейін көп ұзамай ел Үкіметі сапар барысында Америка үкіметінің өкілдерімен тікелей келіссөз болмайтынын ашық мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Иран мен АҚШ арасында ешқандай кездесу жоспарланбағанын айтты.
Бақайидың айтуынша, келіссөздің орнына Пәкістанның ресми тұлғаларымен кездесу өтеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролина Ливитт Fox News телеарнасына берген сұхбатында Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Пәкістанда Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесетінін айтты.
Ливитт: “Біз бұл кездесу нәтижелі болып, келісімге келу ісін ілгерілетеді деп үміттенеміз”,— деді.
Сондай-ақ, ол вице-президент Джей Ди Вэнстің Пәкістанға бармайтынын, алайда қажет жағдайда баруға дайын екенін айтты.

















