Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иран АҚШ-ның шабуылдарына қатаң жауап береді  

  • ТОП жаңалықтар
  • 8 июля, 2026 19:05

Loading

Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазы аймағындағы АҚШ-тың әскери шабуылдарына алғашқы ресми реакциясында бұл әрекеттерге қатаң беретінін мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Америка Құрама Штаттары екі ел арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін бірнеше рет бұзғанын, сондықтан әрекеттердің салдарына жауапты болатынын баса айтты.

Иранның мемлекеттік телеарнасында жарияланған бұл мәлімдемеде Тегеран АҚШ тарапынан меморандумның бұзылу салдарын қатаң ескертетіні, ұлттық мүдделер мен ел қауіпсіздігін қорғау үшін қажет батыл шараларды іске асыратыны айтылған.

Тақырыпқа орай:

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары да АҚШ шабуылдарын екі ел арасындағы меморандумның бірінші және екінші баптарын бұзу деп атады.

Бұл — АҚШ-тың Иранның оңтүстігіндегі нысаналарға шабуылдары басталғаннан кейінгі Тегеранның алғашқы ресми ұстанымы.

Иранның Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ АҚШ-тың Иранның мұнай экспортына салынған санкцияларды уақытша тоқтата тұру күшін жою туралы шешімін қатаң айыптап, оны меморандумның оныншы бабын өрескел бұзу деп атады.

Мәлімдемеде Ислам Республикасы осы әрекеттің салдары үшін АҚШ-ты жауапты деп санайтыны және ұлттық мүдде мен ел қауіпсіздігін қорғау үшін барлық қажет тетіктерді пайдаланатыны атап өтілді.

Иран Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ АҚШ соңғы жиырма күн ішінде тікелей болсын, мейлі Израильдің Иранға қарсы жасаған әрекеттері арқылы жанама болсын, меморандум ережелерін бірнеше рет бұзғанын мәлімдеді. Тегеран меморандумға қол қойылғаннан кейін небәрі жиырма күн өткен соң Иран мұнайын сатуға рұқсаттың күшін жоюды АҚШ-тың арам пиғылы мен сенімсіздігінің белгісі атады. Иран бұл келісімге қол қойғаннан бері өзінің барлық міндеттемес ін адал ниетпен орындап келгенін баса айтты.

Бүгін сәрсенбі күні таңертең ирандық БАҚ елдің оңтүстігіндегі қалалар мен аймақтарда, соның ішінде Сирик, Кешм аралы және Бандар-Аббаста бірқатар жарылыс болғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігі алдымен Сирик пен Қешм аралында белгісіз жарылыс дыбыстары естілгенін хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін Иран теледидары Сириктегі ауылдардың бірінің маңында жеті жарылыс, Қешм аралындағы ауылдардың бірінде алты жарылыс, ал Бандар-Аббаста тағы алты жарылыс болғанын хабарлады. Осы хабарламаға сәйкес, шабуылдардың көпшілігі азаматтық нысандарға бағытталған. Соның барысында Сириктегі сауда мен балық аулау айлақтары, сондай-ақ кейбір порттық нысандарға зақым келген. Сонымен қатар, Һормозган останындағы байланыс инфрақұрылымының бір бөлігі шабуылға ұшыраған.

Fars агенттігі кейінірек жарылыстар саны Сирикте онға, Қешм аралының бір ауылында төртке дейін өскенін мәлімдеді.

Осыған байланысты АҚШ армиясының Орталық қолбасшылығы Ирандағы нысандарға қарсы бірқатар ауқымды шабуыл бастағанын мәлімдеді. Бұл мекеменің мәліметінше, операция Иранның Ормұз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан үш сауда кемесіне жасаған шабуылдарына жауап ретінде жүргізілген.

Америкалық басшылар бұл шабуылдарды Иранға ауыр шығын әкелетін әрекет ретінде сипаттап, сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды атысты тоқтату режимін өрескел бұзу деп мәлімдеді. Сондай-ақ, кейбір америкалық БАҚ осы елдің лауазым иелеріне сілтеме жасап, Иранға қарсы әскери операция біраз уақыт жалғасатынын, оның құрамына зымырандық жүйелер, ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру базалары, порттық нысандар, әуе қорғаныс жүйелері кіретінін хабарлады.

Осы арада, егер бұйрық берілсе, АҚШ-тың әскери кемелері Иран порттарын қоршауды қайта бастау үшін әлі де дайындықта тұрғаны туралы хабарламалар жарияланды. АҚШ шабуылдарының басталғаны туралы жаңалықтың таралуымен бір уақытта әлемдік нарықта мұнай бағасы шамамен 6 пайызға өсіп, барреліне шамамен 76 доллар 50 центке жетті.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

20.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иранның ядролық бағдарламасы Хаменеидің стратегиялық нұсқауларына негізделген

Иранның ядролық бағдарламасы Хаменеидің стратегиялық нұсқауларына негізделген

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.