Тегеран АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы жеті жылдағы ең ірі санкцияларының жаңа пакетін айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи АҚШ-тың Тегеранға қарсы тағы санкция жариялауына пікір білдірді.
Исмаил Бақайи: “АҚШ санкцияларының шынайы мақсаты — Иранның дамуына нұқсан келтіру, ішкі алауыздық тудыру және қарапайым азаматтардың құқықтары мен дұрыс өмір сүруіне нұқсан келтіру”, — деді.
Бақайидың айтуынша, ондаған жыл бойы қайталанып келе жатқан мұндай қадамдар халықаралық құқықтың, соның ішінде адам құқықтарының бұзылуымен қатар жүруде.
Сондай-ақ, Исмаил Бақайи Вашингтонды Иранға қарсы соғыста Израильді қолдады деп айыптап, Иран халқының өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға берік екенін баса айтты.
Айта кетейік, АҚШ Үкіметі Иранның 50-ден астам жеке және заңды тұлғаларын санкциялар тізіміне енгізді. Сонымен қатар, Вашингтон Иран мұнайын тасымалдауда рөл атқарған 50-ден астам кемеге санкция салды.















