Иран армиясы «Араш-2» дронымен Бен-Гурион әуежайына сәтті шабуыл жасалғанын хабарлады.
Иран армиясының ресми өкілі басып алынған аумақтардағы Бен-Гурион әуежайына заманауи «Араш-2» ұшқышсыз ұшу аппаратымен сәтті шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Армияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бригада генералы Акраминия бұл дронның ұшу қашықтығы шамамен 2 мың шақырымды құрайтынын, қарсыластың радиолокациялық жүйелерін айналып өтуге қабілетті екенін атап айтты. Оның айтуынша, «Араш-2» — «Киан» және «Араш-1» дрондарының жетілдірілген нұсқасы. Бұл ирандық әскери терминологияда «Израильге соққы беруші» деген атпен танымал.
Акраминия бұл дронның өте дәл жұмыс істейтінін, ал оның құны басқа ұшқышсыз аппараттар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін айтты. Армия өкілінің сөзіне қарағанда, өндіріс пен дайындықтың жоғары жылдамдығы мұндай дрондарды кез келген уақытта көп мөлшерде ұшыруға мүмкіндік береді.
Акраминия: «»Араш-2″ дроны өте жылдам шығарылады, ал оны дайындау мен ұшыру жылдамдығы шектен тыс жоғары. Сондықтан біз шешім қабылдаған кез келген сәтте мұндай дрондардың үлкен партиясын оңай жібере аламыз», — деді.
Армия өкілі Бен-Гурион әуежайын сионистік режимнің ең ірі әуежайы әрі басты экономикалық күретамыры деп атап, бұл нысанның әуе саудасындағы шешуші рөлі мен әскери маңызына байланысты соққы беру үшін негізгі нысанаға айналғанын айтты.












