Ұлыбритания, Германия және Франциядағы Иран елшілері кеңесу үшін Тегеранға шақырылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы бүгін 27 қыркүйекте Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жариялады.
Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі: “БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иранның ядролық мәселесіне қатысты қарарды қабылдамағаннан кейін жуырда санкциялар қайта күшіне енетіндігіне байланысты “Еуроүштік” елдеріндегі (Ұлыбритания, Франция және Германия) Иранның елшілері кеңесу үшін Теһранға шақырылды”, — деп хабарлады.
Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ресей мен Қытай ұсынған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранның ядролық бағдарламасы бойынша “Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдау мақсатында қабылданған қарарын алты айға ұзарту туралы қарар жобасын қабылдамады.












