Иран зардап шеккендерді емдеу үшін Газа шекарасына жақын жерде далалық аурухана ашуды жоспарлап отыр.
IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша бұл туралы дүйсенбі күні Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пирхоссейн Коливанд мәлімдеді.
Жергілікті конференцияда сөйлеген сөзінде Коливанд Газа секторының жанындағы далалық аурухананы Мысыр арқылы ашуға тырысатындарын айтқан.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні Газадағы қаза болғандар санының 2750-ге жеткенін хабарлады.














