Тегеран халқы мен Иранның әртүрлі қалаларының тұрғындары Халықаралық Құдс күнгі шерулерге шығып, Израильдің Палестинаға қарсы қылмыстарын айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бүгін, наурыздың 28 күні — қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында Иран қалалары мен қалашықтары және ауылдарында Палестина халқын қолдау мақсатындағы Халықаралық Құдс күнгі шерулер басталды.
Бұл шаралар Иранның үлкенді-кішілі әртүрлі қаласы мен ауылдарын қамтыған 900-ден астам елді мекенде таңертеңгі сағат 10-да басталып, халықтың жұма намазы өтетін мешіттер жаққа бет алған қозғалысы арқылы өтіп жатыр.
Тегерандағы шерулер де халықтың әртүрлі табының қатысуымен он бағыттан бастау алып, жиын өтетін, жұма намазы оқылатын Тегеран университеті жақты бетке алып, жүзеге асырылуда.
Көшелерге шыққан халық шеру басталған алғашқы сәттен қолдарына Палестина мен қарсыласу топтарының туларын ұстап, сионистік режимнің соңғы 80 жылдағы, әсіресе соңғы 16 айдағы қылмыстарын, соның ішінде 50 000 адамның, соның ішінде ерлер, әйелдер, балалар мен жастардың өлтіруін, Палестина мен Құдсты және тағы басқа жерлерді басып алуын айыптап, Құдсты азат етуді, сионист режимінің басшыларын соттауды талап етті.
Айта кетейік, Халықаралық Құдс күні Иран Ислам революциясының марқұм жетекшісі имам Хомейнидің (р.а.) Рамазан айының соңғы жұмасында Палестина халқын қолдап, сионистік режимге қарсылық білдіру мақсатындағы бастамасы жыл сайын шерулер өткізілу арқылы жүзеге асады.
Имам Хомейни (р.а.) Иран Ислам революциясынан кейін бұл күнді Палестина мұсылмандарының құқықтарына жасалып зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың символы деп жариялады. Содан бері бұл күнгі бейбіт шерулер түрлі елдердегі, әсіресе Ирандағы мұсылман және азаттық сүйгіш халықтың қатысуы және ынтымақтастығымен өтіп келеді.
Иранның Ұлттық БАҚ мәліметіне сәйкес, биылғы Құдс күнгі халықтың салтанатты шерулерінен 100-ден астам журналист хабар таратады.
Иранның қазіргі діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи кеше кешкі бейне жолдауында Алла Тағаланың жәрдемі және рақымымен биылғы Құдс күні шеруінің соңғы жылдардағы ең жақсы, ең ұлық, ең абыройлы шерулердің бірі болатынына үміт білдірді.














