Иран, Ирак, Ливан және Йемен Палестинаны қолдау мақсатында әскери жаттығу өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Палестина мен Газа секторы тұрғындарын қолдау мақсатында төрт ислам елінің бірлескен әскери-теңіз күштерінің кемелер шеруі мен әскери жаттығуы өтті.
Бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9:00-де Халықаралық Құдс күніне орай Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері Ирак, Ливан және Йемендегі қарсыласу күштерімен бірлескен әскери-теңіз шеруін өткізді.
Сонымен қатар, Халықаралық Құдс күніне орай Ирак, Йемен және Ливанда Палестина интифазасын қолдауға бағытталған әскери-теңіз жаттығулары да өтті.
Бірлескен және бір мезгілде өткен шараларға 3000 әскери кеме қатысты.
















