Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф бастаған парламенттік делегация Женеваға келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мохаммад Бақер Қалибаф алтыншы Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады.
Бүгін, сейсенбі күні БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде алтыншы Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясы ашылады.
Конференцияға қатысушылар парламентаралық ынтымақтастық тұрғысынан негізгі жаһандық мәселелерді талқылайды.
Форум бейсенбі күнге дейін жалғасады.
Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясы бес жыл сайын өткізіледі.
Онда қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясы 2021 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтті.













