Ресей президентінің ғылым және технология жөніндегі көмекшісі Андрей Фурсенко Иран Ислам Республикасын көптеген елдер үшін, тіпті бүкіл әлем үшін үлгі ел деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ресей Президентінің ғылым және технология істері бойынша көмекшісі Андрей Фурсенко кеше, дүйсенбі күні Мәскеуде Иран ислам революциясының жеңісі мен Ұлттық күніне арналып өткен салтанатты рәсім аясында ИРНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатта: «Біз Иранға қай уақытта қарамасақ та бұл елдің тәуелсіздігін, өз-өзін қамтамасыз етуі мен өзінің даму үдерісін әртүрлі жағдайда сақтап қалғанын көреміз» — деді.
Путиннің кеңесшісі Мәскеу мен Тегеранның даму бағытындағы қарым-қатынасы үдерісінің жалғасуына, әсіресе екі мемлекет арасында стратегиялық жан-жақты келісімге қол қойылғанына ризашылық білдіріп: «Иран мен Ресей кейбір салалар бойынша бір бірін толықтырушы, кейбір жағынан бір біріне ұқсас. Сол себепті екі елдің байланысын арттыру үшін көптеген мүмкіндік бар», — деді.
Ислам революциясы жеңісінің 46-жылдығы мен Иран Ислам республикасының ұлттық күні мерекесі Мәскеуде кеше, ақпанның онында Ресейдің Энергетика министрі әрі Ресей-Иран үкіметаралық ортақ серіктестігі комияссиясының ресейлік төрағасы Сергей Цивилев және ИИР-ның Ресейдегі Елшісі Казим Джалилидің баяндамаларымен ашылды.
Салтанатты шараға басқа да ресейлік бірқатар ресми тұлға, соның ішінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думадағы «Единая Россия» фракциясының жетекшісі, сондай-ақ, Ресейдің бас прокуроры, әртүрлі елдердің елшілері, дипломаттары, әскери атташелері қатысты.
Осы шара барасында ИИР-ның ғылым мен технология саласындағы жетістіктерінің көрмесі, сонымен қатар «Садра» басылымының кітап көрмесі мен Ислам революциясы туралы көрсетілген бейне баян да осы рәсімнің келесі бөлімдері болды.












