Иран Тель-Авивтің шабуылына қатаң жауап беріп, Израильдің Қорғаныс министрлігі мен қолбасшылық орталығына шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Тель-Авивтің “Rising Lion” деп аталатын ауқымды операциясына жауап ретінде Израильге баллистикалық зымырандармен соққы берді.
Иранның мемлекеттік телеарнасы Тель-Авивке зымырандармен шабуылдың үш толқыны басталғанын растады.
Бірінші толқында шамамен 100–150 баллистикалық зымыран жіберілді. Олардың көпшілігін “Темір күмбез” және америкалық және британдық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ұстады.
Иран екінші және үшінші толқынында кем дегенде тағы 50–100 зымыран мен ондаған ұшқышсыз ұшу аппаратын жіберіп, Израильдің Қорғаныс министрлігі мен қолбасшылық орталығына шабуыл жасады.
Иранның кейбір зымырандары қорғаныс жүйелеріне қарамастан, Тель-Авив пен Иерусалимдегі ғимараттар мен инфрақұрылымды нысанаға алды.
Al Mayadeen телеарнасы Иран зымырандарының бірі Тель-Авивтегі ядролық зерттеу орталығына тигенін хабарлады.
Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранның алғашқы шабуылынан 60-тан астам адам, соңғы шабуылынан жеті адам жараланып, бір әйел қаза тапты.
Айта кетейік, 13 маусым, жұмаға қараған түні Израиль Иран аумағына ауқымды әуе шабуылын жасады. Басқыншы режимнің мақсаты Иранның әскери нысандарын, ұшқышсыз ұшақтар мен зымыран тасығыштарды жасайтын орталықтарын және Ислам революциясының Сақшылар корпусы қоймаларын, сондай-ақ Исфаһан мен Тегерандағы инфрақұрылымдарды нысанаға алу болды.
Шабуыл салдарынан Иранның бірқатар жоғары лауазымды әскери басшылары қаза тапты.
Қытай, Ресей және БҰҰ тараптарды ұстамдшақырды. Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Израильдің Иранға қарсы басқыншылығын қатаң айыптады.
















