Иран Израильдің шабуылына АҚШ-тың қатысы бар деп санайды.
Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Израиль режимінің Иранға қарсы шабуылына қатысты түсініктеме беріп, АҚШ-тың бұл қылмысқа қатысының бары анық екенін мәлімдеді.
Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі Х әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде: «Сионистік режимнің әуе күштері Иран шекарасынан шамамен 70 миль қашықтықта Ирактың әуе кеңістігі арқылы Ирандағы бірнеше әскери және радиолокациялық нысандарға шабуыл жасады.
Ирак аспаны АҚШ армиясының бақылауында. Демек, АҚШ-тың бұл қылмысқа қатысы бары даусыз», — деп жазды.
Еске сала кетейік, 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Израиль Ирандағы әскери нысандарға соққы жасады.
Иранның әуе қорғаныс күштері Израильдің Тегеран, Хузестан және Илам облыстарындағы бірқатар әскери орталықтарға шабуыл жасағанын растады.















