Иран мен Арабстан арасында тоғыз жылдан соң алғашқы тікелей әуе рейсі ашылды.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Машһад-Даммам алғашқы жоспарлы тікелей әуе рейсі тоғыз жылғы үзілістен соң бүгін, сейсенбі желтоқсанның 3 күні екі ел арасындағы жолаушыларды тасымалдап, Даммад халықаралық әуежайына қонды.
Иран Ислам Республикасының Эр-Риядтағы елшісінің орынбасары мен Iran Air компаниясының өкілі және Сауд Арабиясы Авиациялық ұйымының өкілдері Даммамға қонған ұшаққа ризашылық білдіріп, екі ел халқының қозғалысын жеңілдетуді қуаттады.
Эр-Риядтағы Иран Елшілігінің мәліметіне сәйкес, екі ел арасындағы тікелей әуе рейсі Иран Сыртқы істер министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Азаматтық авиация ұйымы және саудиялық тиісті ұйымдардың ықпалдастығымен жүзеге асырылды.
Жасалған келісімге сәйкес, әуе рейстері аптасына екі рет Даммам мен Машһад арасында жолаушыларды тасымалдайды.












