Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы еркін сауда келісімі ратификацияланды.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының Ресейдегі елшісі Казем Джалали Еуразиялық экономикалық одақтың Сауда министрі Андрей Слепневпен телефон арқылы сұхбатта Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы еркін сауда келісіміне қол қойған барлық елде құқықтық ресмиліктердің аяқталуына байланысты келісімнің ратификацияланғанын жариялады.
Тараптар сұхбатта келісімнің жақын болашақта жүзеге асуына ризашылық білдіріп, оны аймақта сауда байланысын дамытудың маңызды факторы деп атады.
Иран мен Еуразиялық одаққа мүше елдер арасындағы Еркін сауда келісімінің ережелеріне сәйкес, келісім барлық келісуші елдер заңды рәсімдердің аяқталғанын жариялаған соң 60 күннен кейін күшіне енеді.
Осы келісімге сәйкес, Иран мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда тауарларының 87 пайызы кедендік тарифтерден босатылады.












