Иран Сыртқы істер министрлері Хосейн Амир Абдоллаһиан мен Иордания Айман әл-Сафади телефон арқылы сұхбатта Палестинадағы соңғы өзгерістер мен Газа секторындағы жағдайды талқылады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, осы телефон сұхбатында сионистік режимнің Газа секторының тұрғындарына, әсіресе әйелдер мен балаларға қарсы соғыс қылмыстарын тоқтату үшін шұғыл әрі тиімді әрекет ету қажеттігі баса айтылды.
Иран мен Иорданияның сыртқы істер министрлері де Газа секторының гуманитарлық қоршауын алып тастау, аймаққа халықаралық төтенше көмек көрсету және палестиналықтардың күштеп депортациялануының алдын алу қажеттігін қуаттады.












