Иран мен Оман преферанциалды сауда және кеден саласындағы серіктестік бойынша экономикалық бірлескен түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы сауда тарифтерін жойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Масқатта Иран-Оман ынтымақтастық комиссиясының 21-ші отырысы өтті.
Иранның Өнеркәсіп, Кен және Сауда министрі Мохаммад Атабак Иран Телерадио корпорациясына берген сұхбатта бұл саммиттің бұрын өткен жиырма саммиттен өзгеше болғанын мәлімдеді.
Мохаммад Атабак Иран мен Оман арасында бірлескен түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына тоқталып: “Осы отырыстың күн тәртібінде нақты мәселелер қаралды. Біріншісі — екі ел арасында преференциалды сауда мен тарифтерді алдып тастау тақырыбы. Бұл жөнінде келісімге келдік” деді.
Иранның Сауда министрі екі ел арасында жүзеге асырылатын инвестицияларды отырыстың күн тәртібінде талқыланған екінші тақырыбы деп атап, осы мәселе бойынша да екі елдің келісімге келгенін хабарлады.
Ол отырыстың күн тәртібінде қаралған үшінші мәселені сауда-саттықты жеңілдету үшін екі ел үшін қажет кеден және әкімшілік саласындағы серіктестік деп атады. Бұл мәселе бойынша да тиісті жоспарлар жасалғанын, міндеттерді белгілеу арқылы бұл мәселе де жақында нәтижеге жететінін айтты.
Атабак сонымен қатар Оманның әртүрлі министрліктерінің басшыларымен өткен кездесулерге тоқталып: “Оманның Транспорт министрімен кездесуде Бандар-Аббастан Оманға кеме жолын ашу, әуе рейстерін арттыру, екі елдің айлақтарына қатысты мәселелер қарастырылды”, — деді.
Оманның Сауда және Энергетика министрлерімен, сондай-ақ осы елдің Инвестиция департаментінің басшысымен кездесу Иранның Өнеркәсіп министрінің Иран-Оман ынтымақтастық комиссиясының 21-ші отырысы аясында өткізген келесі іс-шараларының қатарын құрады.














