Қатар Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Маджид әл-Ансари Иран мен Оман арасындағы Ормұз бұғазына қатысты келіссөздердің ілгерілеген кезеңге өткенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің “Әл-Арабия” ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Маджид әл-Ансари: «Оман мен Иран арасындағы Ормұз бұғазы бойынша келіссөздер ілгерілеген кезеңге жетті Біз Иран тарапынан оң жауаптар алдық», – деді.
Оның айтуынша, Оман мен Иран келіссөздердің техникалық кезеңге өткенін хабарлады. Тегеран ресми мәлімдеме дайындап жатқандарын мәлімдеді.
Доханың мәліметінше, тараптар Ормұз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасы бағыттарының координаттарын келісіп қойған. Кемелердің өту режимі туралы түпкілікті келісімді дайындалуда.
Ол екі тараптың да оң пікірлеріне сілтеме жасап, Қатардың делдал ретінде шиеленісті азайтуға және Ормұз бұғазын тезірек ашуға бағытталған кез келген күш-жігерді толық қолдайтынын баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі Исмаил Бақайи да кеше Тегеранның Оманмен келіссөздері бірқалыпты жүріп жатқанын хабарлады. Ол бұған дейін бұл келіссөздердің тақырыбы осы су жолы арқылы қауіпсіз өту бағыты мен ықтимал теңіз қызметтерінің шығындарын қамтитынын ашып айтқан болатын.












