Иран Сот жүйесінің төрағасы Ғоламхоссейн Моһсени Эжеи ҚХР Жоғарғы халық Сотының төрағасы Чжан Цзюньмен кездесуінде екі елдің де әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды қолдайтындарын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Қытайдың Ханчжоу қаласына ШЫҰ-на мүше елдердің сот органдары басшыларының 20-шы отырысына қатысу үшін келген Иран Сот жүйесінің төрағасы Ғоламхоссейн Моһсени Эжеи ҚХР Жоғарғы халық Сотының төрағасы Чжан Цзюньмен кездесті.
Ғоламхоссейн Моһсени Эжеи кездесуде Иран мен Қытай арасындағы қарым-қатынас деңгейін прогрессивті деп бағалап, екі ел арасындағы әртүрлі саладағы, соның ішінде сот жүйесіндегі ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын 25 жылдық стратегиялық құжаттың маңызын қуаттады.
Кездесу барысында Иранның Сот төрағасы Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын тоқтату үшін ШЫҰ мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығын айтып: “Сионист режим Газа секторында бір жарым жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасап келеді. Бұл режим бейбіт тұрғындарға, босқындарға, медициналық мекемелердегі емделушілерге және балаларға мақсатты түрде шабуыл жасап, әскери қылмыстарын жалғастырып отыр.
Біз сионистік режимнің Газа секторында жалғастырып жатқан геноцид қылмыстарын тоқтату үшін ШЫҰ-ның айтарлықтай әлеуетін пайдалануымыз қажет”, — деді.
















