Иран президентінің саяси кеңесшісі Меһди Санаи Иран мен Қытай басшыларының Шанхайдағы сұхбатын сындарлы өтті деп бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран президентінің саяси кеңесшісі Меһди Санаи X әлеуметтік желісінде былай деп жазды: «Иран мен Қытай басшыларының бүгінгі сұхбаты сындарлы болды. Сұхбатта стратегиялық және екіжақты бірқатар мәселе көтеріліп, жақсы келісімдерге қол жеткізілді.
Си мырзаның Шанхай саммитінде сөйлеген сөзінде аймақтық белсенді көзқарас, ал «Шанхай плюс» бағдарламасында егемендік теңдік, халықаралық құқықты сақтау және көпжақтылықты қамтитын жаһандық басқару бастамасы көтерілді».
Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпин бүгін, 2 қыркүйек сейсенбі күні Бейжіңде Иран президенті Масуд Пезешкианмен кездесті.













