Иран мен Түркия президенттерінің құзырында қаңтардың 25 күні екі елдің электр желілерін қосу туралы келісімге қол қойылды.
Телеграмдағы Akharinkhabar арнасының хабарлауы бойынша Иранның электр желісін басқару компаниясының басшысы Маһди Моғеймзаде мен TEİAŞ компаниясының бас директоры Орхан Калдырым Иранның Хой қаласы мен Түркияның Ван қалалары арасында қуаты 600 мегаваттық 400 кВ HVDC Back-to-Back желісін пайдалану туралы келісім-шартқа екі ел президенттерінің құзырында қол қойды.
mardomsalari.ir сайтының Иран Сыртқы істер министрлігі Экономикалық дипломатия министрінің орынбасары Меһди Сафаридің сөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Раисидің Түркияға сапары екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Осы сапар барысында екі ел арасындағы ұзақ мерзімді газ келісімшартының мерзімі ұзартылады.
Сафари сонымен қатар Раисидің Анкара сапары туралы сөзінде осы сапарда Иранның электр энергиясы DC технологиясы арқылы Хой қаласынан Ван қаласына дейін түрік электр желісіне қосылатынын мәлімдеп, оны оң қадам деп атады.
Айта кетейік, Иран Президенті Раиси түрік әріптесі Ердоғанның шақыруымен кеше, қаңтардың 24, сәрсенбі күні елінің жоғары деңгейлі саяси және экономикалық делегациясын бастап, Түркияның астанасы Анкараға келді.












