Иран Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әли Бақери Иранның Оманға кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Әли Бақери Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрі Сейед Бадр бин Хамад әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлескенде оған көңіл айтқанын мәлімдеді.
Бақери Маскат қаласындағы жақында болған қарулы шабуылға қатысты Иранның Оманға кез келген көмек көрсетіп, ынтымақтастық жасауға дайын екенін қуаттады.
Ол сонымен қатар сұхбатта басқыншы режимнің Газадағы мазлұм халыққа қарсы жалғасқан қылмыстары мен осы режимнің Йемендегі Ходейда портының азаматтық нысандарына жасаған шабуылын айыптаумен күресу жолдары жөнінде кеңесіп, пікір алмасқандарын да айтты.












