Иранның әскери саладағы хабардар ақпарат дереккөзі Иранның Ормұз бұғазындағы кез келген сценарийге дайын екенін қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның әскери саладағы жауапты тұлғасы америкалықтардың Ормұз бұғазындағы дұшпандық әрекетіне тоқталып: «Иран кез келген сценарийге толық дайын. Америкалықтар Иранның Трамп пен АҚШ әскерінің үстемдік көрсетуіне жол бермейтінін біледі», — деді.
Иран әскери күштерінің кейбір америкалық жауынгерлік кемелерге алғаш оқ атқанына тоқталған ол: «Иран қарулы күштері 40 күндік соғыстағыдай америкалық жауынгерлік күштердің Ормұз бұғазынан өтуіне жол бермейді. Ормұз бұғазындағы кез келген қозғалыс Иран қарулы күштерінің бақылауында. Барлық кеме 40 күндік соғыстың тәжірибесінен сабақ алып, америкалықтардың ақымақтығы үшін құн төлемеуі тиіс.
Иран АҚШ-тың жауынгерлік кемелеріне оқ атудан бөлек қажет жағдайда қолданылатын басқа да сценарийлер әзірледі», – деп баса айтты.
Айта кетейік, Ира Армиясының қоғаммен байланыс қызметі армияның Әскери-теңіз күштері Ормұз бұғазы аумағындағы АҚШ армиясының эсминецтерін бақылап, анықтағанын және жау эсминецтерінің қозғалыс аймағында ескерту оғын атып, мұндай қауіпті әрекеттердің салдары үшін америкалық-сионистік жауды жауапты деп санайтынын хабарлады.
Еске салайық, бірнеше сағат бұрын Америка Құрама Штаттарының эсминецтері Оман теңізінде радарларын сөндіріп, Ормұз бұғазына жақындауға тырысқан, алайда радарларын қосқан бойда анықталып, Иран Ислам Республикасы Әскери-теңіз күштерінің атыс бітімін бұзу қаупі туралы радио ескертуіне тап болды.
Америкалық эсминецтер ескертуге назар аудармағаннан кейін Иран Армиясының жауынгерлері қайталап ескерту жасап, Ормұз бұғазына кіруге бағытталған кез келген әрекет атыс бітімін бұзу деп есептелетінін және әскери-теңіз күштерінің қатаң реакциясына ұшырайтынын ашық мәлімдеді.
Америкалық-сионистік эсминецтердің алғашқы ескертуге назар аудармауына байланысты, Әскери-теңіз күштері басқыншы жау кемелерінің маңында қанатты зымырандардан және жауынгерлік ұшқышсыз ұшу аппараттарынан ескерту оғын атып, бұл сияқты қауіпті әрекеттердің жауапкершілігі мен салдары жаудың мойнында болатынын баса айтты.












