Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі Наурызбен құттықтап, алдағы жылы соғыстар аяқталып, Палестина Израильдің басқыншылығынан азат етіледі деген үміт білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі сәрсенбі күнгі жолдауында: “Наурыз — бұл жаңару мен үміттер күні. Біз алдағы жылы ақыл мен даналық күш пен қауіп-қатерді алмастырып, соғыстар әділ түрде бейбітшілікпен аяқталады және Палестина сионистік режимнің басқыншылығынан азат етіледі деп үміттенеміз.
Тәңірдің адамзатқа берген адами қадір-қасиет сыйы нәсіліне, дініне және географиясына қарамастан бірдей құрметтеледі деп үміттенеміз”,-деп жазды.
Израильдің Газа секторына шабуылдарының жаңа толқыны АҚШ-пен келісе отырып, бітім шартын бұзумен қайта басталды. Тұрғын үйлер, мектептер, босқындар орталықтары мен қоныс аударушылардың шатырлары шабуылға ұшырады.
Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі соңғы есебінде Израильдің атысты тоқтату келісімін бұзып, сейсенбі күнгі шабуылдарынан 413 палестиналық қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.
Сонымен қатар, шабуылдар салдарынан 500-ден астам адам жарақат алған.
Қаза тапқандар мен жараланғандардың көпшілігі — балалар мен әйелдер.
















