Иран Президенті Масуд Пезешкиан ертең, сәрсенбі, қыркүйектің екісі күні елінің саяси және экономика саласының басшыларынан тұратын жоғары деңгейлі делегациясын бастап, Қатарға аттанады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Пезешкиан бастаған Иран делегациясының Қатар сапарының мақсаты екіжақты ресми кездесулер мен Азиядағы ынтымақтастық диалогы форумының сессиясына қатысу болып табылады.
Қатар әмірі шейх Тамим Хамд Ал Санидің ресми шақыруымен жүзеге асатын екі күндік сапарда шейх Тамимнің қатысуымен жүзеге асатын екіжақты кездесуден бөлек, екі елдің жоғары деңгейлі делегацияларының отырысы және екі ел арасында бірлескен ынтымақтастық құжаттарына қол қою рәсімі де өтеді.
Иран президенті сонымен қатар осы сапардың екінші күні Азиядағы ынтымақтастық диалогы форумының (ACD) он тоғызыншы сессиясына қатысып, сөз сөйлейді. Ол сессия аясында қатысушы елдердің басшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларымен де кездесуі мүмкін.












