Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Беларуське барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Меһди Санаи X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында мәлім етті.
Санаи президент Пезешкианның 2025 жылдың 18 тамызы, дүйсенбі күні Арменияға, одан кейін Беларуське баратынын хабарлады.
Санаи бүгін, сенбі, 2025 жылдың 16 тамызы күні жазбасында; «Президент дүйсенбі күні кештен бастап Армения мен Беларуське екі күндік сапар жасайды», — деп жазды.
Санаи сапардың мақсатын сауда саласындағы қарым-қатынасты нығайту және құжаттарға қол қою деп атады. Ол бұл екі сапар шілде айының басына жоспарланғанын, бірақ кейінге шегерілгенін еске салды.
Айта кетейік, Президент Пезешкиан Шанхай ынтымақтастық ұйымының қыркүйекте өтетін саммитіне қатысу үшін Қытайға да шақырылды.












