Иран Президенті Масуд Пезешкиан бүгін, қаңтардың он бесі күні Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Президент Пезешкианның мемлекеттік сапарында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және басқа да бірқатар ресми кездесулер мен жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді серіктестікке қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, сапар аясында екіжақты ынтымақтастық және тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Масуд Пезешкианның сапары аясында Тәжікстан мен Иранның сауда-инвестициялық және туристік форумы өтеді.














