Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф бүгін Қазақстанның Алматы қаласына ресми сапармен келе жатыр.
Еуразия Тудейдің Меһр хабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иран Президентінің бірінші орынбасары Мохаммад Реза Ареф Қазақстан сапары алдында Меһрабад әуежайында тілшілерге берген сұхбатта жоғары деңгейдегі сыртқы саясаттағы басымдылықты көршілес барлық елмен қарым-қатынасты дамыту деп атады.
Ареф сонымен қатар Иранның дамыған технологиялар саласындағы өз тәжірибесін көршілес елдерге тасымалдауға әзір екенін айтты.
Ол барлық саладағы ынтымақтастықты дамыту мен пікірлестікті Қазақстан сапарының маңызды мақсаттарының бірі деп атап: “Биылғы жылдағы қыркүйек-қазан айларындағы талпыныстың арқасында Арменияда өткен Еуразия одағына мүше елдердің премьер-министрлерінің саммитінде осы одақтағы басшылары Иранның бақылаушы мәртебесін растап, оны Санкт-Петербург саммитінде одақтың басшылары да мақұлдады”, — деді.
Ареф осы саммитте көршілес және Еуразияға мүше мемлекеттермен ынтымақтастық үшін көп мүмкіндіктің ортаға салынатынын, сол әлеуеттер де серіктестікті нығайту үшін пайдаланылатынын айтып: “Жаңа технологияларды қолдану үшін өтетін технологиялық-ғылыми форумда Иран мен дос және көршілес елдердің стратегиясы осы жаңа технологияларды, әсіресе жасанды интеллектті барынша пайдалану болып табылады. Біз оны аймақтағы және Еуразиядағы достас елдерге жеткізуге, сондай-ақ олардың жетістіктерін пайдалануға дайынбыз”,- деді.
Ареф Қазақстандағы ирандық бизнесмендер мен экономика саласының белсенділерімен кездесуді өзінің Алматыға сапарының мақсаттарының бірі деп атап, экономика саласы белсенділерімен пікрлесу барысында олардың әлеуеттерін қандай механизм арқылы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар аймақ пен Еуразия аймағында ішкі инвестиция үшін және сауда қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қолдануға болатынын іздеуді мақсат ететіндерін мәлімдеді.
Иранның бірінші вице-президенті: «Өңірлік жағдайлар мен өзара іс-қимыл үдерісі 200 миллионнан астам халқы бар өркениетті аймақ бір-бірінің әлеуетін достық жағдайда пайдалана алатындай кездесулер өткізуді талап етеді. Біз бұл мүмкіндіктер аймақтағы барлық елдердің қажеттіліктерін қанағаттандырады деп санаймыз.
Аймақтық өзара іс-қимылға сәйкес Каспий теңізі елдері премьер-министрлерінің кездесуі Теһранда өтеді. Бұл қарым-қатынастарды дамыту үшін жақсы мүмкіндік”, — деді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ Қазақстандағы белсенді ирандық бизнесмендермен кездесулер доктор Мохаммад Реза Арефтің осы екі күндік сапарының келесі жоспарларының бірі болып табылады.
Бұл Иран Ислам Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мүше болғаннан кейінгі жоғары лауазымды ирандық басшының бірінші сапары болып табылады.













