Иран Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол арқылы 60 миллион тонна әртүрлі өнім тасымалдайтын “алтын қақпаға” айналуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия елдерінің өкілдері теміржол транзитін дамыту туралы келісімге қол қойды.
Иран Ислам Республикасы Ыстанбұл қаласында қол қойылған келісімде Қытайдан Еуропаға бағытталған 60 миллион тонна өнімді теміржол арқылы тасымалдайтын “алтын қақпа” ретінде таныстырылды.
Келісімге сәйкес, Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін контейнерлік пойыздар үшін Иран “алтын қақпаға” айналады. Осы алты жақты келісім аясында дәліз бойындағы елдер Иран аумағы арқылы өтетін дәліздің оңтүстік тармағы бойынша контейнерлік пойыздар санын едәуір арттыру үшін қолайлы жағдай жасауға міндеттенді. Бұл бірыңғай және бәсекеге қабілетті тарифтерді белгілеу, пойыздардың жүру уақытын жеделдету, кедендік шығындарды азайту және қажет инфрақұрылымды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, өткен жылы Қытай мен Еуропа арасында шамамен 60 миллион тонна өнім тасымалданды.
Аталмыш келісім жүзеге асырылып, жүк тасымалының едәуір бөлігі Иран арқылы іске қосылғаннан кейін жоба Тегеранға айтарлықтай сауда-экономикалық пайда әкеледі деп күтілуде.
















