Иран, Ресей және Қытай елшілері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің 2231-қарарына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран, Ресей және Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері сенбі, 18 қазан күні Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мен БҰҰ Бас хатшысына хат жолдады.
Хатта Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің 2231-қарарының 8-тармағына сәйкес, оның барлық ережелері 2025 жылдың 18 қазанынан кейін тоқтатылып, қарардың уақтылы аяқталуы Қауіпсіздік кеңесінде Иранның ядролық мәселесін қарауды тоқтатуды білдіретіні жазылған.
Иран, Ресей және Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерінің бірлескен хатында еуропалық үш елдің Snapback деп аталатын механизмді іске қосу әрекетінің заңсыз екені көрсетілген.
Құжатта “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасы және 2231-қарар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған Еуропа елдерінің осы қарардың ережелеріне сілтеме жасауға құқығы жоқ екені баса айтылған.
Хатта сондай-ақ, 2231-қарардың 8-тармағына сәйкес, оның барлық ережелері 2025 жылдың 18 қазанынан кейін күшін жойғаны расталады. Иран, Ресей және Қытай бұл қарардың толық әрі уақтылы аяқталуы Қауіпсіздік кеңесінің Иранның ядролық мәселесін қарауын тоқтататынын білдіреді деп жазылған.
















